Құрметті блок қонақтары!
Cіздермен өз блогымның бетінде қауышқаныма қуаныштымын.
Бұл блогтың негізгі мақсаты – Алматы облысының ЖИТС орталығының қызметі туралы интерактивті ресурста пайдалы ақпарат беру. Сондай-ақ, Сіздің сұрақ, пікіріңізді, тіпті ескертпелеріңіз болса, ашық түрде жариялап, жауап беріп, өзара байланысты жандандыру.
Сіз +7 708 970 02 66 телефонына (ватсап) тікелей хабарласуыңызға немесе инстаграм желісіндегі @aoc.spid__ аккаунтына тіркеліп, сұрақтар қоюыңызға, пікір білдіруіңізге болады.
Блогыма жіберген пікіріңізді мен міндетті түрде оқимын. Бұл блог сізге пайдалы болады деп үміттенемін.
Құрметпен, орталық директоры
Алмас Байқұрмашұлы Масалимов
1. Басқа адамды АИТВ жұқтыру қаупiне көрiнеу душар ету – екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Өзiнде АИТВ бар екендiгiн бiлген адамның осы ауруды басқа адамға жұқтыруы – бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, екi немесе одан да көп адамға қатысты не көрiнеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-әрекет – бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттерді жасаған адам, егер АИТВ жұқтыру қаупіне душар болған не оны жұқтырған басқа адам біріншісінде осы аурудың бар екендігі туралы уақтылы ескертілген және жұқтыру қаупін туындатқан әрекеттерді жасауға өз еркімен келіскен жағдайда, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Сенім бекеті – инъекциялық есірткі пайдаланушылар (бұдан әрі – ИЕТ) арасында АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау үшін, анонимдік, еріктілік және құпиялылық қағидаты бойынша тегін негізде профилактикалық қызметтер көрсетілетін арнайы ұйымдастырылған пункт. Сенім бекеттері стационарлық және (немесе) жылжымалы болуы мүмкін. Бұл бекеттер көбінесе медициналық ұйымдардың жанында орналасқан.
Сенім бекетінде арнайы дайындықтан өткен медициналық қызметкер жұмыс жасайды. Алматы облысында қазіргі таңда 6 стационарлық және 1 жылжымалы сенім бекеті ұйымдастырылған.