Created: 18 Сәуiр 2019
1244

Қауіпті жағдайларды қалай болдырмауға болады?

18 сәуір 2019ж.


Кеше Есік қаласындағы Жетісу Заң колледжінде (Еңбекшіқазақ ауданы) студенттер мен ұстаздар арасында ақпараттық-білім беру семинары өтті.

Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог көмекшісі О.Потуданская жұқпаның берілу жолдары мен қауіпті жағдайларды болдырмауға көмектесетін мінез-құлық ережелері туралы айтып берді. Оқушылар сауалнама кезінде АИТВ сұрақтары бойынша өз білімдерін көрсетті.

Семинар қатысушыларына бейнероликтер көрсетіліп, брошюралар таратылды. Оқушылар өздерін қызықтырған көптеген сұрақтарға жауап алды.

.