Created: 25 Желтоқсан 2019
1188

Көкқайнар ауылы оқушыларымен кездесті

19 желтоқсан 2019ж.

 

Алматы облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Іле ауданы Көкқайнар ауылындағы №29 орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен «Жастар арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу» тақырыбында кездесу өткізді.

 

Кездесуде эпидемиологтар АИТВ және ЖИТС туралы, жұқпаның берілу жолдары мен қорғану шаралары туралы, сондай-ақ қауіпсіз мінез-құлық және өз денсаулығына жеке жауапкершілік туралы ақпарат берді.

 

Білімді бекіту және қауіпсіз мінез-құлық, жасөспірімдерде АИТВ жұқтырудың алдын алу мүмкіндіктері туралы дағдыларды қалыптастыру үшін дәрігерлер «Түймедақ» викториналық ойынын өткізіп, «АИТВ туралы шындық» бейнефильмін көрсетті.