Created: 25 Желтоқсан 2019
315

АИТВ туралы пайдалы және қызықты

Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылының Абай, Ә.Молдағұлова, Ы.Алтынсарин, Х.Бижанов, Т.Кенжебаев, А.Розыбакиев, П.Вихрев атындағы орта мектептері оқушылары және оқытушыларымен пайдалы кездесу өтті.

Алматы облыстық ЖИТС орталығы алу бөлімінің меңгерушісі Г.Жақанова мен эпидемиолог көмекшісі О.Потуданская балаларға облыс бойынша АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық хал-ахуалы, жұқпаның таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтып, «АИТВ» және «ЖИТС» ұғымдарын түсіндірді.

Мағлұматтарды көрнекі көрсету үшін «АИТВ туралы шындық: аңыз бен ақиқат» атты видеофильм көрсетілді.

Кездесу соңында спикерлер аудиторияның сұрақтарына жауап берді.