Created: 16 Қантар 2020
729

Жасөспірімдерге АИТВ туралы

ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығының екі маманы – Әйгерім Султанова мен Меруерт Чажаева балалармен әңгіме барысында АИТВ жұқпасының берілу мен алдын алу шараларын бірге қарастырды.

Бүгінгі күні АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітушілік пен стигма  АИТВ-жұқпасымен күресте маңызды мәселе болып табылады, сондықтан орталық жұмысының басым бағыттарының бірі – бастапқы алдын алу болып табылады.

Айта кету керек, қаланың осы және басқа мектептерінің оқушыларымен осындай кездесулер жүйелі түрде жүзеге асырылады, ал олардың негізгі мақсаты - жастардың назарын АИТВ-жұқпасының алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ өз денсаулығына жауапты мінез-құлықты қалыптастыру.