Created: 16 Қантар 2020
726

Оқушылармен бірге АИТВ-жұқпасының алдын алу

2020 жылдың 15 қаңтарында Қапшағай қалалық №3 орта мектепте жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті.

Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің эпидемиологы Меруерт Чажаева балалармен бірге АИТВ және ЖИТС ұғымдарын ажыратып, әрбір берілу жолдары бойынша алдын алу шараларын талдады.

Дәріскер жауапты мінез-құлықтың маңыздылығына және өмірлік басымдықтарды, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты қарым-қатынасты қалыптастыруға ерекше назар аударды.

Іс-шараға 48-ден астам оқушы қатысты, олар АИТВ-жұқпасы мәселелері бойынша алған білім көрсеткішін алдын-ала және кейінгі сауалнамаларды толтыру арқылы білдірді.