Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оғвн қарсы күрес орталығының ұжымы зейнет жасына жеткен қос тәжірибелі маман – Дәметкен Қабышқызы Бектұрғанова мен Надежда Андрейқызы Федорованы еңбек демалысына зор құрметпен шығарып салды.
Орталық директоры Б.Сауранбаев, алдын алу жұмыстары бойынша директор орынбасары Б.Салибекова, зертхана меңгерушісі Б.Құрманбаев, зертханашы дәрігерлер А.Абуова, А.Керімов, жұқпалы аурулар дәрігері Б.Керуенова, эпидемиолог көмекшісі О.Потуданская мерейгерлерге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасы шаттығын тіледі.
Жиын соңында қос зейнеткер ұжымдастарына алғыстарын білдірді.
Ендіі Дәметкен Қабышқызы мен Надежда Андрейқызы енді алтын уақыттарын өз отбасыларына арнайтын болады.
https://almaty-obl-aids.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/590-rmetti-demalys-a-shy-aryp-saldy#sigFreeId6b072a42a8