Created: 20 Қантар 2020
539

Әскери қызметшілермен АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша семинарлар

Алматы облыстық ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің мамандары А.Сұлтанова мен М. Чажаева №86621 және №54179 әскери бөлімдерінің (Шеңгелді ауылы) әскери қызметшілері арасында «АИТВ жұқпасының алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.

Дәрігер-эпидемиологтар аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды науқастардың жасы, әлеуметтік мәртебесі, жынысы және жұқтыру жолдары бойынша талдай келіп, АИТВ жұқпасының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы мәлімет ұсынды. Қатысушылардың назарын АИТВ жұқтыру қаупіне аударып, жеке қауіпсіздік шараларын сақтау туралы айтты. Сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толерантты қарым-қатынас мәселелерін қозғады.

Әс-шараға барлығы 580 адам қамтылды.