Created: 20 Қантар 2020
690

АИТВ және ЖИТС- мінез-құлық ауруы

2020 жылдың 15 қаңтарында облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Қапшағай қаласының №2 орта мектебінің оқушылары арасында «АИТВ жұқпасының алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты - оқушылардың назарын АИТВ проблемасына аудару, жастардың осы мәселеге деген көзқарасын өзгерту және өз денсаулығына құндылық ретінде қарауды қалыптастыру.

Мамандар Қапшағай қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдайды, АИТВ жұқпасының берілу жолдарын түсіндірді.

Дәріске барлығы 120 адам қамтылды. Ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.