2020 жылдың 15 қаңтарында біздің дәрігер-эпидемиологтар Қапшағай қаласының №5 орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен және оқытушыларымен кездесу өткізді.
Маман М.Чажаева АИТВ жұқпасының алдын алу, берілу жолдары, зертханалық тексерудің уақтылығы, салдары, жұқпалы аурулардың алдын алуда салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы еске салды. Өмірдің қарапайым мысалдары арқылы АИТВ жұқтыру мүмкін болатын жағдайларды айтып берді. Оқушылар, мысалы, тұрмыста қол алысқанда, жөтелгенде, түшкіргенде, жалпы ыдысты қолданғанда, жәндіктер мен жануарлар тістеген кезде, бірлескен жұмыста, оқуда, жалпы дәретхананы, душты және бассейнді пайдаланғанда АИТВ жұқпайтынын білді.
Қатысушыларға «АИТВ-мен өмір. АИТВ туралы не білу керек?» және «Жастар үшін АИТВ жұқпасы бойынша ақпарат» бейнероликтері көрсетілді.
АОҚ, плакаттар таратылды.
https://almaty-obl-aids.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/595-barly-y-aitv-zh-ne-zhits-turaly-bejned-ris-tti#sigFreeId74eb5ff0dc