Created: 20 Қантар 2020
709

Ауыл жасөспірімдеріне АИТВ-дан сақтану туралы айтылды

2020 жылдың 16-17 қаңтарында Алматы облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының мамандары   Қапшағай қаласы маңындағы ауылдарда кездесулер өткізді.

Эпидемиолог-дәрігерлер А. Сұлтанова мен М.Чажаева Заречный, Сарыбұлақ, Ақөзек, Арна, Кербұлақ ауылдарының мектептеріне барып, жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алуда салауатты өмір салтын жүргізудің маңызы мен салдары туралы айтып берді.

Іс-шара қызықты болды, өйткені жастар жұқпа сүйіскенде жұға ма, АИТВ-сы  бар әйел дені сау бала тууға қабілетті ма, қандай қорғану құралдары ең сенімді болып табылады дегендей сұрақтарын белсене қойды.  

Дәріс барысында қатысушылар АИТВ жұқпасының берілу жолдарын дұрыс анықтаған бейнематериалдар көрсетілді.