Created: 20 Қантар 2020
751

АИТВ және ЖИТС: мұны білу керек!

Бүгінде АИТВ мен ЖИТС туралы естімеген адамды кездестіру қиын. Көпшілік бұл мәселе оларға әсер етпейтіндігіне сенімді. Мұндай сенімділік негізді болып, өзін және жақындарын қорғау үшін АИТВ жұқпасы жайлы білудің мағызы зор.

2020 жылдың 15 қаңтарында Алматы облыстық ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің мамандары Қапшағай қаласындағы «Полимер-металл-Т» ЖШС, «АЯМ» ЖШС және ҚІІБ қызметкерлерімен семинар өткізді. Сонымен қатар «ҚР Пеноплекс» АҚ және «Henkel CAC Kazakstan» жұмыскерлерімен кездесті.

Эпидемиологтар тыңдаушыларға АИТВ жұқпасының берілу жолдарын айтып берді. Іс-шара аясында АИТВ-ның алдын алу шаралары туралы алған білімдерін талқылау қолжетімді түрде өтті.

Іс-шараларға барлығы 245 адам қамтылды. Ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.