Created: 12 Ақпан 2020
22

Қорқудың қажеті жоқ – білу керек!

Кеше Алматы облыстық ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің маманы М.Чажаева Жамбыл ауданы, Ақтерек орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдері арасында кездесу өткізді.

Интерактивті әңгіме барысында балалар АИТВ-ның берілу жолдары, одан қорғану шаралары, қауіпсіз мінез-құлық ережелері және ең бастысы – өз мәртебеңді білу үшін АИТВ-ға тест тапсыру қажеттігі туралы білді.

Дәріс барысында  «Барлығы АИТВ туралы» бейнефильмі көрсетілді.

Ақпараттық және оқу материалдары таратылды. Қамту - 157 адам.

 

 

.