Created: 12 Ақпан 2020
705

Талдықорғанда ақпараттық-танымдық семинар өтті

Бүгін Талдықорған қаласының №15 орта мектебінің мұғалімдері мен 8-11 сынып оқушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастар арасында АИТВ жұқпасының алдын-алу бойынша ақпараттық-танымдық семинар өтті.

Семинардың мақсаты -  АИТВ жұқпасының алдын алу, әркімның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру.

Талдықорған қаласындағы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің дәрігер-эпидемиологы Р.Сахариев қатысушыларға АИТВ жұқпасы, берілу жолдары, аймақтағы эпиджағдай және ықтимал қауіптер туралы айтып берді.

Жастармен алынған білімдерін бекіту мақсатында практикалық сабақтар өткізілді, АИТВ туралы бейнефильм көрсетілді.

Қатысушыларға ақпараттық-танымдық материалдар таратылды. Іс-шараға 110 адам қамтылды.

 

.