Іс-шараның мақсаты: АИТВ жұқпасынан сақтану жолдарының қарапайым және сенімді, мүлде ауыртпалықсыз және айтарлықтай қаржылық шығындарды талап етпейтінін халыққа жеткізу. Денсаулық – күн сайын ойлауды талап ететін және бұл туралы ерте жастан-ақ білу керек ең үлкен құндылық екенін есте сақтау қажет. Егер адамның тек бір жыныстық серіктесі болса, жыныстық қатынас кезінде сақтық шараларын сақтаса, медициналық тексеруден уақытында өтсе, онда осы аурудан сақтануға болады.
Семинар барысында мамандар ақпараттық-білім беру материалдарын таратты.
Іс-шараға 80-нен астам адам қатысты.
https://almaty-obl-aids.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/689-d-ulet-sauda-jindegi-aldyn-alu-zh-mysy#sigFreeId6802d553fa