Created: 11 Наурыз 2020
45

Негізгі топтармен жұмыстық кездесу  

АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша медицина қызметкерлерінің білім деңгейін арттыру мақсатында Алматы облыстық ЖИТС орталығының Талдықорғандағы филиалы медбикелермен және аутрич-қызметкерлермен жұмыстық кездесу өткізді.

 

Негізгі топтармен дәрігер-эпидемиолог Р.Сахариев әңгімелесті. АРТ мақсаттары, іс-әрекет принциптері жайлы, сондай-ақ, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға стигма мен кемсітушілік  мәселесі сынды маңызды тақырыптар қарастырылды.