Created: 11 Наурыз 2020
342

Жасөспірімдерге алдын алу әрекеттерін үйретті  

Үстіміздегі жылдың 3 наурызында Талдықорғандағы К.Ушинский атындағы орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары мен оқытушылары үшін «АИТВ жұқпасының алдын алу» тақырыбында семинар өтті.

 

Іс-шараның мақсаты: жасөспірімдерге АИТВ жұқпасының алдын алатын мінез-құлық дағдыларын үйрету.

 

Тыңдаушыларға жұқпаның берілу жолдары және оны қоздырушы факторлар туралы бейнеролик көрсетілді. Сұрақтарға жауаптар беріліп, онда АИТВ және ЖИТС-тың алдын алу мәселелері толық көрініс тапты.