Created: 11 Наурыз 2020
693

Оқушылар АИТВ жұқпасы жайлы мәлімет алды

Бүгін Талдықорғандағы №2 орта мектеп мәжіліс залында оқушылар мен мұғалімдер үшін АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша дәріс өтті.

 

Алматы облыстық ЖИТС орталығының мамандары Рандир Сахариев пен  Ильяс Баймолданов тыңдаушыларға жұқпаның берілу жолдары мен алдын алу шаралары жайлы толық мәлімет берді. Аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға тоқталып, оқыту-ақпараттық материалдар таратты.

 

Дәріске 60 адам қамтылды.