Created: 11 Наурыз 2020
217

Ел саулығын ойласақ...

Бүгін Алматы облыстық ЖИТС орталығына қарасты Талдықорғандағы филиалының эпидемиологы Дархан Серікболатов қалалық №6 және №26 орта мектептердің оқушыларымен, ұстаздарымен кездесті.

 

АИТВ жұқпасының алдын алу жөнінде семинар өткізген маман оның берілу жолдарын, сақтану шараларын айтып өтті. Аймақтағы соңғы эпиджағдайды баяндады. Індеттен аман жүру үшін жастарды жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды.

 

Іс-шараларға 200-ден аса адам қамтылды.