Created: 06 Мамыр 2020
41

АИТВ-мен ауыратын жасөспірімдерге ноутбуктер сыйлады

Жақсы адамдардың арқасында Алматы облысындағы АИТВ-мен ауыратын 3 жасөспірім жаңа ноутбук алды.

Оларды Аружан Саин басқаратын «Ерікті Қайырымдылық қоғамы» қоры сыйға тартты.

Оқшауланудың қиын күндерінде АИТВ-мен ауыратын барлық жасөспірімдерде компьютерлер жоқтың қасы, ал онсыз мектепте онлайн режимінде білім алу мүмкін емес. Сондықтан компьютерлер ұялы телефондары жоқ аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына жіберілді.

Кеше Еңбекшіқазақ ауданының 2 жасөспірімі көптен күткен сыйлықтарын алды, ал бүгін орталықтың психологы Гүлсім Кабдолда тағы бір оқушыны қуантпақшы.