75 жыл бойы біз бейбіт аспан астында өмір сүріп, қалалар тұрғыздық, егін өсірдік, балалар өргіздік. Онжылдықтар өтеді, ұрпақтар алмасады, бірақ біздің халқымыздың Ұлы Жеңісін еске алу жүрегімізде сақталады. Осындай қанды майданда соғысқан, тылда еңбек етіп, жеңіс туын биік ұстағандарға үлкен құрметпен бас иеміз!
Өкінішке орай, соғыс ардагерлері жыл санап азайып келеді, бірақ біз өз әріптесімізді Жеңіс күнімен құттықтауға мүмкіндігіміз барына қуаныштымыз.
Еңбек ардагері, тыл еңбеккері, қазір 90 жастағы Лидия Филипповна Плотникованы Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, алғыс сезімімізді жеткіземіз! Отанға адал қызмет еткен, елдің әл-ауқатын көтерген ерлік ешқашан ұмытылмайды. Лидия Филипповнаға зор денсаулық пен ұзақ өмір тілейміз!