Created: 12 Мамыр 2020
211

17 мамыр - Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні

Жыл сайын, мамыр айының үшінші жексенбісінде Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні атап өтіледі. Оны Қазақстанда CОVID-19 пандемиясы кезінде атап өту – бұл АИТВ жұқпасының одан әрі таралуына қарсы әрекет етуге, коронавирустық инфекциядан емделушілердің өмірі мен денсаулығын сақтауға дайындығын көрсететін тағы бір мүмкіндік.

Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күні алғаш рет 1983 жылы Сан-Франциско қаласында өтті. Бірнеше жылдан кейін өңірге тағатын  қызыл таспа, сондай-ақ ЖИТС-тен өлгендердің есімдері жазылған түрлі-түсті мата кесіндісінен тігілген квилттар пайда болды. Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу күнін өткізу әлемдік жұртшылықтың назарын АИТВ-ның таралу проблемасына аудару, стигма мен кемсітуді азайтуды мақсат тұтады.

Өңірімізде емделушілердің денсаулығын сақтау мақсатында антиретровирустық (АРВ) препараттар ұзақ уақытқа және артығымен қолға беріліп келді. Төтенше жағдайға байланысты орталық дәрігерлері оқшауланған барлық пациенттерге дәрі-дәрмектерді  үйлеріне жеткізді. Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың аутрич-қызметкерлерімен және еріктілермен бірге жеке қорғану құралдарын – маскаларды, қолғаптарды, санитайзерлерді жеткізуді ұйымдастырды. Аутричтеріміздің белсенді жұмысы арқасында, сондай-ақ Аружан Саин басқаратын «Ерікті Қайырымдылық Қоғамы» қоғамдық қоры сыйлаған ноутбуктер әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларындағы АИТВ-мен ауыратын жасөспірімдерге сыйға тартылды. Сонымен қатар өмірлік қажетті азық-түлік пакеттері үлестірілді. Бүгінде бұл балалар мектептегі білімін онлайн режимде жалғастыруға мүмкіндік алды.   

Алматы облысында үдемелі қорытындымен АИТВ-жұқпасының 3247 жағдайы тіркелген. 100 адамға шаққанда бұл көрсеткіш халықтың 5,3% пайызын құрайды. 2020 жыл басынан АИТВ жұқпасының 108 жаңа жағдайы анықталды, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  жұқтырушылар саны 16 жағдайға төмендеген. Анықталудың ең көп пайызы 30-39 жас тобында байқалды – 43,5%. Соңғы уақытта жыныстық жолмен жұқтыру басым екенін айта кету керек.