Created: 09 Маусым 2020
672

 «Alere HIV Combo» жедел тестін жасау бойынша оқу семинары өтті

Алматы облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында сенім бекеттері мен Достық кабинеттері медбикелерімен кездесу өтті, сонымен қатар «Alere HIV Combo» жедел тестін  жасау бойынша оқу семинары ұйымдастырылды.

Алдын алу бөлімнің эпидемиологтары, СБ және ДК медбикелері, аутрич-қызметкерлер қатысты.

Жиналысты алдын алу бөлімінің бастығы Г.Жаканова кіріспе сөзбен ашты.

Эпидемиолог Т.Мырзағұлова «2020 жылдың 5 айындағы сенім пункттері мен достық кабинеттерінің жұмыс нәтижелерін бағалау» тақырыбында баяндама жасады.

Зертхана меңгерушісі Б.Құрманбаев жедел тесттерді қою және сапаны бақылау бойынша тест өткізді.