Онлайн-баспасөз конференциясы өтті
Қазақстанда АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға және туберкулезбен ауыратындарға қатысты кемсітушілік пен дискриминацияны азайту бойынша жаңа жоба іске қосылуда. Бүгін, 11 тамызда, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11.00-де жаңа жобаның ұйымдастырушыларымен онлайн-баспасөз конференциясы өтті.
Жобаның мақсаты - Қазақстан Республикасының аумағында АИТВ-инфекциясы мен туберкулездің таралу проблемасына назар аудару, әркімнің АИТВ мен туберкулездің берілу жолдары туралы толық және сенімді ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету, алдын-алу шаралары, уақтылы диагностика әдістері туралы ақпараттандыру, кемсітушілік пен дискриминацияны жою.
Жоба Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысымен жүзеге асырылуда және ағымдағы жылдың желтоқсанына дейін жалғаспақ.
Жобаны «Қазақстандық туберкулез желісі» заңды тұлғалар бірлестігі жүзеге асыруда. 2020 жылдың соңына дейін жоба республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларын, сонымен қатар 14 облыс орталықтарын қамтуды жоспарлап отыр.