Created: 25 Қыркүйек 2020
39

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

25 қыркүйек 2020ж. сағат 14:00-де Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы мамандары ШЖҚ «Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасы» МКК медицина қызметкерлерімен онлайн-дөңгелек үстел  өткізеді.   

Тақырыбы: «Жастар арасында АИТВ жұқпасының алдын алу».

Қатысушылар: орта мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп медбикелері, Еңбекшіқазақ аудандық ОАА медициналық қызметкерлері.

Тренерлер:

- Г.А. Жақанова - алдын алу жұмыстары бөлімінің меңгерушісі;  

- В.В.Захарченко -  Еңбекшіқазақ аудандық ОАА психологы;

- А.К. Омарханова - Еңбекшіқазақ аудандық ОАА гинекологы;

- Т.М.Жарылқағанов - Еңбекшіқазақ аудандық ОАА наркологы.

 Дөңгелек үстелді Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің бас маманы З.А.Қожмамбетова мен АО ЖИТС орталығы директорының эпидемиологиялық және ұйымдастыру мәселелері жөніндегі орынбасары  Б.С.Салибекова кіріспе сөзбен ашады. Мамандар жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлық, ерте жүктіліктің алдын алу, денсаулыққа зиянды әдеттер жөнінде, Еңбекшіқазақ ауданындағы эпидемиологиялық ахуал және жастар арасында АИТВ жұқпасының алдын алу мәселелері талқыланады.