Created: 25 Қыркүйек 2020
29

 Жастар саулығы – басты мәселе

 Бүгін Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы мамандарының ұйымдастыруымен ШЖҚ «Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасы» МКК медицина қызметкерлерімен онлайн-дөңгелек үстел  өткізілді.   

Жастар арасында АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша қашықтан өткен кездесуге орта мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп медбикелері, Еңбекшіқазақ аудандық ОАА медициналық қызметкерлері, барлығы 100-ге жуық адам қатысты.

 Дәрігерлер мен ұстаздар ортақ мәселені талқылау барысында өз ұсыныстарымен бөлісті.