Created: 12 Қазан 2020
26

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

12 қазан 2020ж. сағат 15:00-де «Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМҚК мен Сарқан ауданының орталық аймақтық ауруханасы медицина мамандары орта мектеп басшыларымен, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен онлайн режимінде кездесу өткізеді.

Тақырыбы: «АИТВ жұқпасының алдын алу».

 

 

Мақсаты: Қоғам назарын АИТВ проблемасына аудару. АИТВ-инфекциясының басталуы мен алдын-алу себептері, дискриминацияны жою, медициналық көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығы, өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығы үшін бірлескен жауапкершілік туралы хабардарлық деңгейін көтеру. Жасөспірімдер арасындағы нашақорлық, ерте жүктілік проблемалары мен алдын алу.

Қатысушылар:  Сарқан ауданының жалпы білім беретін мектептер басшылары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ауданның медицина қызметкерлері.

 Өтетін орны: «ZOOM» платформасы.

Ұйымдастырушылар: «Алматы облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КММК, «Сарқан ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Сарқан ауданының орталық аймақтық ауруханасы.

 Алматы облысы АИТВ жұқпасына шалдығу деңгейі бойынша Қазақстан Республикасында 9-орында.

 2020 жылдың 9 айында АИТВ жұқпасымен 180 адам тіркелді (2019 жылғы жағдаймен салыстырғанда 67 жағдайға аз), 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш - 8.8.