Created: 17 Қараша 2020
35

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған онлайн-семинар

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған онлайн-семинар

2020 жылдың 11 қарашасында Aлматы облыстық ЖИТС орталығының  мамандары Талғар қаласындағы No4 мектеп-лицейінің 9-11 сынып оқушылары арасында «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған онлайн семинар ұйымдастырды.

Семинарды ұйымдастырушылар: дәрігер-эпидемиолог А.Ибраимова және эпидемиолог көмекшісі О.Потуданская презентацияны көрсете отырып, негізгі тақырыптар: «АИТВ/ЖИТС туралы түсінік», АИТВ-ның берілу жолдары. Алдын алу шаралары», Стигма және дискриминация» мағыналарын ашты.

Талғар ОӘБ педагог-валеологы А.Ақылбекова жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу кабинетінің жұмысы туралы айтты.

Семинар тақырыбын бекіту үшін «АИТВ сұраққа алынуда» бейнеролигі көрсетілді.

Онлайн-кездесудің соңында оқушылар «Біз ЖИТС-ке қарсымыз» сурет салу және көркемсөз оқу байқауына қатысты. Кездесу нәтижесінде жасөспірімдер өздерін толғандырған сұрақтарға толық жауап алды.