Created: 18 Қараша 2020
32

ҚазҰМУ профессоры дәрігерлер мен медбикелерге арнап курс өткізді  

 

Бүгін, 2020 ж. қарашаның 18-жұлдызында, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің оқытушылары AO ЖИТС орталығы мамандарымен бірлесіп «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» ұранымен өткізіліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні акциясына орай семинар өткізді.

Акция аясында «АИТВ-инфекциясы» курсының жетекшісі - медицина ғылымдарының докторы, профессор А.Нұғманова Орталықтың дәрігерлері мен медбикелеріне «АИТВ медицинасының соңғы жетістіктері» және «АИТВ-инфекциясын емдеудегі жаңа тәсілдер» тақырыбында екі презентация жасады.