Created: 20 Қараша 2020
28

Ауыл жастары Дүниежүзілік акцияға үлес қосты

Ауыл жастары Дүниежүзілік акцияға үлес қосты

 

Бүгін Іле ауданы, Түймебаев ауылдық №20 мектептің 8-11 сынып оқушылары Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес аясындағы акцияға өз үлестерін қосты.

Алматы облыстық ЖИТС орталығының маманы А.Ибраимова ұйымдастырған онлайн-семинарда ауыл жастары АИТВ жұқпасы жайлы, оның берілу жолдары мен алдын алу шаралары жайлы толық ақпарат алды. Алған білімдерін пысықтайтын зерделік ойында тапқырлық танытты. Сондай-ақ «Біз ЖИТС-ке қарсымыз!» байқауына белсене қатысып, көркемсөз оқып, сурет салудан алдарына жан салмады.