Created: 20 Қараша 2020
517

Жыныстық жолмен берілетін жұқпа және АИТВ

 20 қараша 2020ж. сағат 11:00-де Алматы облыстық тері-венерологиялық диспансері және Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы мамандары бірлесіп, әр ауданның дерматовенеролог және жұқпалы аурулар дәрігерлерімен  онлайн-кездесу өткізді.

 

«Жыныстық жолмен берілетін жұқпа мен АИТВ: өзара байланыс және жалпы проблемалар» тақырыбында өткен басқосуда ЖИТС орталығының  эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Д.М.Ибраимов, емдеу-алдын алу бөлімінің меңгерушісі Ж.Д.Кусаинова, Талдықорған тері-венерологиялық диспансерінің дәрігер-дерматовенерологы Л.Н.Бронникова аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұмыстары жайлы баяндама жасады. Аудан мамандары сұрақтарын қойды.

 

Семинарға 60 адам қатысты.