БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2020 жылдың 24 желтоқсанында сағат 14: 00-де ШЖҚ «ЖИТС-нің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығы» КМК және Талдықорған қаласындағы Облыстық қан орталығы мамандарының бірлескен кеңесі өтеді.
Тақырыбы: «Донорлар мен реципиенттер арасындағы эпидемиологиялық жағдай».
Спикерлер:
- Д.М.Ибраимов, АО ЖИТС орталығы эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі (Баяндама тақырыбы: «Донорлар мен реципиенттер арасындағы эпидемиологиялық жағдай»);
- С.С.Абдразаков, Облыстық қан орталығы директорының орынбасары («ЖИТС қызметтерінде АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы есептер»).
31.10.2020 жылғы жағдай бойынша кумулятивті түрде облыста 3702 АИТВ жұқтырған Қазақстан Республикасының азаматтары тіркелді. Өлім-жітімді алып тастағандағы 100 мың тұрғынға шаққандағы таралу деңгейі 117,43 құрайды.
Тіркелген АИТВ-инфекциясының 3702 жағдайының 36,01% (1333) – инъекциялық есірткіні қолданушылар, гетеросексуальды жыныстық жолмен берілудің үлесі 58,48% (2165.), гомосексуалды жыныстық жолмен берілу 1,00% (37), тік таралу 1,62% (60), парентеральды артефактикалық (медициналық емес манипуляциялар) 0,24% (9) құрайды, парентеральды байланыстан соң (кәсіби міндеттерді орындау кезіндегі төтенше жағдайлар) 0,03% (1), анықталмаған түрі 2.59 % (96).
2020 жылдың 11 айында облыста Қазақстан Республикасының азаматтары арасында АИТВ-жұқпасының 244 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар - 6 (2019 ж. - 6). 100 мың тұрғынға шаққанда АИТВ жұқпасының таралу деңгейі 11,9 құрады (2019 ж. - 293 жағдай, индикатор - 14,3), яғни 49 жағдайға төмендеген.