Created: 16 Ақпан 2021
373

Мамандардың ҚАЖД-мен бірлескен кездесуі

Мамандардың ҚАЖД-мен бірлескен кездесуі

 

Бүгін Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы  мамандары ҚДББТУ, АРПТД, Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдерімен, бөлім басшыларымен, медбикелерімен бірлескен кездесу  өткізді.

Бірлескен отырыстың тақырыбы: «Пенитенциарлық мекемелердегі АИТВ-жұқпасының алдын алу, емдеу және таралуының алдын алудың ұйымдастырушылық аспектілері».

АО ЖИТС орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі Д.Ибраимов қатысушыларды 2020 жылы түрмелердегі АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдай туралы хабардар етті. Сонымен қатар емдеу-алдын алу бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы А.Масалимов, зертхана меңгерушісі А.Абуова өзара іс-қимыл жоспарын іске асыру барысы және биоматериалдарды жинау туралы өткен жылғы жұмыстарды қорытындылады. ҚАЖД  бас маманы А.Жабикбаева және түзету жүйесі басқармасы комитетінің үйлестірушісі Г.Сералиева «ББЖ мекемелерінде медициналық көмек көрсету» және «Белсенді емес туберкулезбен ауыратын адамдарды анықтау, диагностикалау және диспансерлік бақылау» тақырыбында баяндамалар жасады.