Created: 05 Наурыз 2021
407

Көктем мерекесімен құттықтады

ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығы көктем мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін лайықты табыстармен қарсы алды.

Ұжым басшысы Б.Сауранбаев отбасының ұйтқысы, қоғамның қозғаушы күші, өмірдің мәні мен көңілдің сәні болған әйелдер қауымына ақ тілегін жеткізіп, еңбек озаттарына облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мен «Сенім» Республикалық кәсіподақтар ұйымы, Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы мен кәсіпорынның Құрмет гармотасы мен Алғыс хаттарын табыс етті.   

Ұжым демографиялық саясатқа да үлкен үлес қосып отыр, соңғы екі-үш жылда 12 сәби дүниеге келді. Мерекелеріңізбен, арулар!