15 наурыз 2021 жылы ЛА 164/4 түзету мекемесінің жеке құрамымен «АИТВ және ЖИТС» тақырыбында семинар өткізілді. Онлайн-дәріс ZOOM платформасында өтті.
Алдын алу бөлімінің дәрігер-эпидемиологы А.Әбдікәрімова «АИТВ жұқпасы жайлы ақпарат» презентациясымен таныстырды, облыстағы эпидемиологиялық ахуал туралы, сотталғандар арасындағы АИТВ-ның алдын-алу туралы айтты.
Сондай-ақ жеке құраммен түрмелердегі кемсітушілік пен зорлық-зомбылыққа жол бермеу, сотталғандардың жеке гигиенасы, кездесуге арналған бөлмеде міндетті түрде мүшеқаптың болуы туралы талқылады.
https://almaty-obl-aids.kz/kz/2019-02-15-12-27-42/893-2021-03-15-16-45-13#sigFreeId72e4fbd748