Created: 25 Наурыз 2021
52

Аутрич-қызметкерлермен жұмыстық кездесу

Аутрич-қызметкерлермен жұмыстық кездесу

 

Алматы облыстық ЖИТС орталығы алдын алу бөлімі меңгерушісі Г.Жақанова Достық кабинетінің медбикелері, аутрич-қызметкерлермен жұмыстық кездесу өткізді. Маман 2020 жылғы эпиджағдаймен, негізгі топтармен жұмыс нәтижелеріне тоқталды.

Ал зертхана меңгерушісі А.Абуова АИТВ жұқпасын сілекей арқылы анықтайтын жаңа тәсіл - «OraQuick HIV Self Test»  жедел тестілеудің жасау әдістерімен таныстырды.  

Бұл тәсілдің ерекшелігі - тестілеу кезінде тек сілекей қолданылады, ал қан анализі қажет емес. Нәтижесі 20 минут ішінде дайын болмақ. Осы мақсатта орталық қызметкерлері жергілікті жерлерде негізгі топтарды өздігінен тексере алатын аутрич-қызметкерлерді оқытып-дайындауда.