Шаруашылық жүргізу құқығындағы «ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы №627 қаулысына сәйкес құрылды.
Негізі орталық Алматы облысы әкімінің 06.03.1998 жылғы №1-161р өкімімен ұйымдастырылған болатын.
Мекеменің мемлекеттік басқару органы - Алматы облысы әкімінің денсаулық сақтау басқармасы.
Мекеменің иесі және құрылтайшысы - Алматы облысының әкімі.
Мекеме қызметінің негізгі міндеттері:
- Алматы облысы бойынша АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;
- АИТВ-инфекциясының таралу қарқынының алдын алуға және төмендетуге бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу;
- АИТВ жұқтырғандарды және ЖИТС-пен ауыратындарды білікті, мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз ету;
- АИТВ инфекциясына, В,С вирустық гепатиттеріне және ЖИТС-индикаторлық инфекцияларға скринингтік зерттеулер;
- аймақта АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалаудың зертханалық кезеңі;
- АИТВ-инфекциясына зерттеу жүргізетін зертханалардан қайта бақылауға түсетін сарысуларды верификациялау.
Мекеме өз мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін барлық медициналық, санитарлық, емдеу-профилактикалық және басқа мекемелермен, сондай-ақ мәдениет, білім беру мекемелерімен, құқық қорғау органдарымен, коммерциялық ұйымдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.