Created: 09 Қазан 2019
799

Зертхана

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне және ҚР ДСМ 04.05.2019 ж. № 246 «Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде ерікті түрде анонимді және (немесе) құпия медициналық тексеру және консультация беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Алматы облысы трғындарын АИТВ-инфекциясына тестілеу Алматы қаласы, Ғали Орманов көшесі, №17а мекенжайы бойынша орналасқан «Алматы облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМҚК зертханасында, сондай-ақ Талдықорған қаласы, Медеу көшесі, №3 мекен-жайы бойынша орналасқан филиалымыздың зертханасының зертханасында тегін өткізіледі.

Облыстың барлық медициналық мекемелерінде, меншік нысанына қарамастан, АИТВ-инфекциясына антиденелер мен р24 антигенін анықтау үшін қан алу жүргізіледі және орталықтың зертханасына жеткізіледі.

Облыстық орталық зертханасында қазіргі заманғы және жоғары дәлдіктегі жабдықтарды пайдалана отырып, антиденелер мен р24 антигенін анықтайтын тест-жүйелер жүргізіледі.