Металл құрылымдардың барлық түрлерін өндіретін заманауи зауытта болып қайтқан әріптестеріміз осылай дейді. 2008 жылдан бері табысты еңбек етіп, металл өндіруде соңғы технологиямен жабдықталған әлемдік көшбасшылардан  бір де қалыспайтын бұл компания арқалықтар, бағаналар, тартпалар, т.б. секілді металл конструкцияларын дайындауда мол тәжірибесі бар. Ірі өндірістің 100-ден аса жұмысшылары алдында біздің мамандар Т.Мырзағұлова мен оның көмекшісі О.В.Потуданская АИТВ-ның алдын алу тақырыбында сөйлеп, ақпараттық-оқыту материалдарын ұсынды. «АИТВ жауапқа тартылды» бейнефильмін тамашалаған ұжым ақ халатыларға алғысын білдірді.