Created: 25 Қыркүйек 2019
842

Экспресс-тест қою бойынша семинар-тренинг өткізілді

23 қыркүйек 2019ж.

 

Алматы облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында «Жүкті әйелдерді перзентханада АИТВ-ға жедел тестілеу» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Тренинг қатысушылары: Алматы облысының барлық аудандары перзентханаларының орта медициналық қызметкерлері.

Орталықтың дәрігер-эпидемиологы М. Чажаева және ЕПҰ меңгерушісінің м.а. Ж.Құсайынова медбикелерге ҚР ДСМ №508 және №272 бұйрықтарын түсіндірді, ал дәрігер-зертханашы М.Мұқашева АИТВ-ға жедел тест жүргізу әдістемесі туралы айтып берді. Тренингтің практикалық бөлігін аға зертханашы К.Карбузова атқарды.