24.04.2018ж

 

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасында «АИТВ жұқпасы бизнеске әсер ете ме?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оған Қоғамдық денсаулықты сақтау облыстық департаменті басшысының орынбасары Р.Б.Ақашева, облыстық ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің меңгерушісі А.А.Кәріпханова мен эпидемиолог-дәрігер  Р.Сахариев қатысып, аймақ кәсіпкерлеріне АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайын, жұқтыру, алдын алу жолдары туралы және  бизнеске әсері жөнінде кеңірек әңгіме қозғап, қатысушылар сұрақтарына жауап берді.