Created: 22 Шiлде 2019
996

ЖИТС орталығында – жаңа басшы

22.07.2019ж.

Бүгін Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысы Б.Ысқақтың бұйрығымен ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығына жаңа директор тағайындалды.

Бұған дейін Талдықорған қаласының өңірлік жұқпалы аурулар ауруханасын басқарған Бауыржан Кірқабақұлы Сауранбаев енді облыстық ЖИТС орталығының директоры міндетін атқаратын болады.

Жаңа басшыны Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы кадр бөлімінің бас маманы С.Шүкенова ұжымға таныстырып, толағай табыс тіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін орталықтың директоры міндетін атқарып келген С.Сауранбаева денсаулығына байланысты өз еркімен қызметінен босаған болатын.