4 желтоқсан 2018ж.
«Біз ЖИТС-ке қарсымыз!» атты суреттер байқауы өтті
Алматы облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы Облыстық Жастар саясаты басқармасының Жастарға қызмет көрсету орталығымен бірлесе отырып, Талдықорған қаласының мектеп оқушылары арасында «Біз ЖИТС-ке қарсымыз» атты сурет байқауын өткізді.
Жастар ресурстық орталығының СӨС маманы А. Бақтыбаев пен эпидемиолог көмекшісі И.Баймолданов қатысушыларды құттықтап, қазылар алқасының мүшелерін таныстырды.
Байқауға жас суретшілердің 50-ден аса туындысы қатысты.
Қорытынды шығарылғаннан кейін конкурс жеңімпаздары: Е. Буторина және В. Шегай, Ж. Жұқатқызы, А. Қабылділдаева және т.б. Жастар ресурстық орталығының директоры Ж.Байқамитов және облыстық СӨС орталығының директоры А. Индершиев атынан дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.