6 желтоқсан 2018ж.

Жуырда Алматыдағы «Қайнар» колледжінің студенттері Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай біздің орталық мамандарын арнайы шақырып, АИТВ жұқпасының алдын алу жайлы денсаулық сағатын өткізді.

Әріптесіміз – «Оперейшн Мерси» Қоғамдық қорының психологы, халықаралық тренер  Гүлмира Баймұратқызы Ильясова  студенттерді  АИТВ/ЖИТС жайлы әсерлі әңгімесімен баурап, денсаулыққа қатысты маңызды ақпараттар берді. «Жан. Тән. Рух»  сұрақ-жауап ойыны арқылы жастар ойын ұштады, жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды.