5 желтоқсан 2018ж.  

 

Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес  орталығының дәрігер-эпидемиологы Д.Серікболатов Ескелді  ауданы, Қарабұлақ ауылының 9-11 сынып оқушыларымен кездесіп, АИТВ жұқпасының алдын алу тақырыбында семинар өткізді.

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күнінің 30 жылдығы аясында  елімізде жүріп жатқан «Өз мәртебеңді біл!» атты акцияның маңызына тоқталған маман АИТВ жұқпасының аймақтағы эпидемиологиялық жағдайын, жұқпаның берілу, алдын алу шаралары жайлы түсіндірді.

Сондай-ақ, менингококк жұқпасынан сақтану жолдарын, МӘМС қағидаттарын алға тартты.

Оқушылар дәрігерге  сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алған соң, акцияға өз үлестерін қосып, концерттік бағдарламасын, флеш-мобтарын ұсынды. Соңында  ЖИТС құрбандарын еске алып, шырақ тұтатты.

Іс-шараға 80 адам қатысып, 200 АОҚ таратылды.