6 желтоқсан 2018ж.

 

Алматы облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Д.Серікболатов Талдықорған қаласының әскери госпиталінің медициналық қызметкерлері үшін «Өз мәртебеңді  біл» тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күнінің 30 жылдығына арналған науқан шеңберінде өткізілді.

Дәрігер аймақ және ҚР бойынша соңғ,ы 10 айдағы эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-жұқпасының берілу жолдары және алдын алу шаралары туралы айтып берді. Сондай-ақ стигма мен кемсітушілік ұғымдарын ашып, МӘМС кезіндегі негізгі ережелерді түсіндірді.

Тыңдаушылар саны – 87.