Created: 25 Қазан 2019
973

Оқушыларға арналған ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар

21 қазан 2019ж.

 

Оқушыларға арналған ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар

Іле ауданы Қоянқұс ауылының №1 және №47 орта мектептерінде, Ынтымақ ауылының №30 және №46 орта мектептерінде ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар өткізілді.

Жастармен әңгімелесу барысында Алматы облыстық ЖИТС орталығы алдын алу жұмыстары бөлімінің көмекші дәрігері О.Потуданская «АИТВ мен ЖИТС» мағынасын түсіндірді.

Пікірталас кезінде АИТВ-ның берілу жолдары анықталып, әрбір адамның жауапты мінез-құлқы жұқпаның алдын алу формасы екеніне баса назар аударылды.  

Оқушылар шараға белсенді қатысып, өз көзқарастарымен бөлісті.

Кездесу соңында аудитория АИТВ-сы оң адамдардың өмірі мен еміне қатысты қызықты сұрақтар қойды.

АИТВ жұқпасының алдын алуға бағытталған семинарларға 300-ден астам жасөспірім қамтылды.

 

.