Created: 25 Қазан 2019
1170

Зауыт жұмыскерлері АИТВ жұқпасының берілу жолдарымен танысты

18 қазан 2019ж.

 

Алматы облыстық ЖИТС орталығы маманы О.Потуданская Іле ауданының Қоянқұс ауылына барып, желдету жабдықтары мен климаттық техника өндірісі бойынша Қазақстандағы жетекші және жалғыз кәсіпорын болып табылатын «Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС-і жұмыскерлері үшін семинар өткізді.

 Жұмыскерлер АИТВ жұқпасының берілу жолдарымен, алдын алу тәсілдерімен, ауру айналасындағы мифтермен, статистикалық деректермен және жұқпаның даму үрдістерімен танысты.  АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен дискриминация тақырыбы және қоғамның оларға қатынасы қызу пікірталасқа айналды. ы.

 

Іс-шара соңында маман қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

 

.