19 желтоқсан 2018ж.

 

Талғар ауданы, Бесағаш ауылындағы №28 жалпы білім беретін мектептің мәжіліс залына жиналған ауданның барша мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтары Дүнижүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай ұйымдастырылған акцияның куәгері болды.


Ұстаздар алдында ҮЕҰ өкілі, «Оперейшн Мерси» ҚҚ психологы Гүлмира Баймұратқызы Ильясова бейнебаян, көрнекі слайдтар арқылы АИТВ жұқпасы бойынша еліміздегі соңғы эпидемиологиялық жағдайды жайып салып, бұл індеттің алдын алу жолдары туралы, жастарға беретін үгіт-насихат жұмыстары жайлы толыққанды түсіндіріп өтті.


Қатысқан тыңдаушылар саны – 130.


130 ақпараттық-оқыту материалдары таратылды.