24 желтоқсан 2018ж.


АИТВ-жұқпасының алдын алу мәселелері бойынша теміржол қызметкерлерінің білім деңгейін арттыру мақсатында Алматы облыстық ЖИТС орталығы мамандары Алматы бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Оңтүстік» аймақтық филиалында семинар өткізді.


«Оперейшн Мерси» ҚҚ психологы  Г.Ильясова өңірдің эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпарат берді, АИТВ және ЖИТС, стигма және кемсітушілік туралы түсініктерді ашты.

Эпидемиолог көмекшісі О.Потуданская АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары, диагностикалау әдісі туралы айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, жолсеріктерді МӘМС кезінде азаматтар үшін мемлекет ұсынатын   артықшылықтар мен кепілдік қызықтырды.

Семинар соңында аймақтық филиалдың бас инженері С.Шабидинов дәрігерлерге пайдалы ақпарат үшін алғысын білдірді.

Семинарға  56 адам қамтылды

Жедел тестілеуден 26 қатысушы өтті.

500 АОҚ және 20 плакат таратылды.